Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сарыкемерде спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында заманауи спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Аумағы 1000 шаршы метрден асатын ғимаратта волейбол, баскетбол, футбол, стол теннисі үйірмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, жаттығу залы да бар. Жаңа нысан Ұлттық қор мен облыстық бюджет есебінен 302,5 млн. теңге қаржы бөлініп жүзеге асырылды. Нысанның құрылысын мердігер мекеме «Bek Stroy — 2010» ЖШС жүргізді.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Олжас Баққараев жас ұрпақтың дені сау, шымыр да шыныққан саламатты болып өсуіне бұқаралық спорттың тигізетін пайдасы зор екенін, ауданда бұқаралық спортқа баса назар аударылып, бүгінгі таңда 208 спорттық инфрақұрылым, 45 шағын футбол алаңы жұмыс жасап тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар аймақта бұқаралық спортпен айналысушылардың саны жылдан жылға өсіп келе жатқанын атап өтті.

КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Байзақ ауданының құрметті азаматы Алмас Мұсабеков те сөз алып, игі іске алғысын білдіріп, ауданда спорт инфрақұрылымының дамуы – болашақ жеңістердің негізі екенін жеткізді.

Бұдан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров пен Байзақ ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Асқар Смайылұлы ашылу лентасын қиып, ақжаулықты әжелер тәттіден шашу шашты. Жиналған көпшілік ішке еніп, жаңа нысанды аралап көрді. Шара барысында аудан әкімі «AQ Бидай – 2025» VIII республикалық ойындарында кіші футболдан 3 дүркін чемпион атанған Байзақ ауданы командасына бірыңғай спорттық киімдерді табыстады.

Сообщение Сарыкемерде спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *