Кітап оқудың маңызы және жастар арасындағы кітап мәдениеті
Кітап оқудың маңызы және жастар арасындағы кітап мәдениеті
Қазіргі заманда технология қарқын дамуды.Кез келген ақпаратты жылдам әрі оңай ала алатын деңгейге жеттік.Алайда қолжетімділік артқан сайын кітап оқудың маңызы төмендеп жатқандай көрінеді.
Кітап-адамның ғасырлар бойы жинаған байлығы.Ол тек білім көзі ғана емес,адамның өз ойының қалыптасуына тікелей әсер ететін өте маңызды құрал.Менің ойымша, кітап оқу-адамның өзімен-өзі тілдесетін ең тыныш, әрі ең пайдалы уақыттарының бірі. Кітап оқу адамның ойлау қабілетін арттырып,сөздік қорын байытады.Кітап оқыған адам өз ойын нақты жеткізе алады,сауатты сөйлеуді үйренеді.Сонымен қатар кітап адамды сабырлыққа,төзімдікке өз ойын еркін жеткізуге,түсіністікке тәрбиелейді.Менің ойымша бұл қасиеттер әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін өте қажет.Кітап арқылы адам...