Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда жұрт актер Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда жұрт актер Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды. Актермен қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.
Қаралы жиынға өте көп адам қатысты. Келгендердің көбі театр ғимаратына сыймай қалды. Қоштасу рәсіміне қатысқандар арасында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәдениет саласының өкілдері бар.
– Асанәлі ағамыз ұлы өнердің аңызы, ұлт руханиятының абызы еді. 20 жасында театр сахнасында жарқырады. 30-ында киноның жарық жұлдызына айналды. 40-қа жетпей КСРО-ның Халық әртісі атағын иеленді. Театрда талай бас рөлдерді сомдады. Кинодағы образдары қаншама. Режиссерлік қыры бір бөлек. Ұстаздық етті, шәкірт тәрбиеледі. Қоғамдық өмірден тыс қалмады. Кітап жазды, күнделік жүргізді. Өнердегі жолы жарқын болса да, өмірдегі жолы қиын болды. Бірақ тағдырға өкпесін айтқан емес. Өзі ұстаздарын, араласқан ағаларын – Ғабит Мүсіреповті, Шәкен Аймановты, Сұлтан Қожықовты, Кәукен Кенжетаевты үнемі айтып отырушы еді. Сол кісілердің есімін қайта жаңғыртсақ екен, жастар көп білсе екен деп отыратын. Асанәлі ағамыз өзіне осындай бір миссия арқалап жүрді, - деді Ерлан Қарин.
Кино және театр актері Болат Әбділманов Асанәлі Әшімовтің қазасымен бірге тұтас бір дәуір көшкендей болды деді.
– Бірақ біз сіздерге осындай дана халқы, артынан ерген талантты ізбасарлары барда Асекеңнің өнерінің шаң баспайтынына, көтерген туының жығылмайтынына нық сенімдіміз. Шын мәнінде Асекең бақытты ғұмыр кешті. Халқын қаншалық сүйсе, соншалықты адал қызмет етті, - деді ол.
Қоштасу рәсімін үкіметі ұйымдастырған деп айтылады.

Белгілі кино және театр әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында қайтыс болды.
Ол көрерменге кинодағы Бекежан («Қыз Жібек», 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры», 1971), Мәмбет («Сарқырама», 1973), Қасымханов («Трансібір экспресі») және өзге де рөлдерімен жақсы таныс.
Ол режиссер ретінде де (Н.Гогольдің «Ревизор», Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И. Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?!» және тағы басқа) кеңінен танылған.
Ол Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Абайында» - Керім рөлін, «Еңлік-Кебегінде» - Кебекті, «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Айшуақты, «Таңғы жаңғырығында» - Жарасбайды, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» - Қодарды және өзге де ірі кейіпкерлерді сомдаған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *