Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жұмыссыз ретінде тіркелу жұмыс табуға қаншалықты көмектеседі

Жұмыссыз ретінде тіркелудің қандай пайдасы бар? Бұл сұраққа Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мамандары жауап берді.

Елімізде жұмыстан өз еркімен кеткен не белгілі бір себептермен шығып қалған адамдар жұмыссыз ретінде тіркелмей, жаңа жұмыс орнын өз бетінше іздеуді жөн көреді. Алайда Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, мұндай мәртебе алудың пайдасы бар және ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Алдымен азамат Еңбек мобильділігі орталығына жүгініп не enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Сол арқылы ол қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолдама алып, жаңа мамандықты меңгере алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан тұрақты жұмысқа не субсидияланған жұмыс орындарына жолдама алуы мүмкін.

Одан бөлек жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерге өтінім беруіне болады. Оны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы және жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет. Төлемді алуға өтінішті жұмыссыз ретінде тіркелген кезде enbek.kz және egov.kz порталында немесе мансап орталығында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы беру қажет.

Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, жыл басынан бері 56 638 азамат жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрған. Қазіргі дейін олардан 25 367 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Ал 2024 жылы Алматыда 49 840 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, кейін 26 304 адам жұмысқа орналасқан.

– Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 19 737 азамат қамтылды. Оның ішінде: жастар практикасына – 707 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 499 адам, «Күміс жас» жобасына – 577 адам, қоғамдық жұмыстарға – 9 165 адам, «Алтын жас» жобасына – 487 адам, кәсіби оқытуға – 906 адам, skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн оқытуға – 4 240 адам, кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесуге – 3 156 адам тартылды, — деп хабарлады орталықтан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қандай мамандықтарға сұраныс артып, қандай саладағы мамандарға сұраныс төмендегенін жазғанбыз.

Сообщение Жұмыссыз ретінде тіркелу жұмыс табуға қаншалықты көмектеседі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *