Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновті Астананың Есіл аудандық полициясы ұстады. Бұл жөнінде агенттіктің бас директоры әлеуметтік желіде хабарлады.

Журналист Freedom Finance компаниясының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен күдікті деп танылып, 23 желтоқсан кешке Астананың Есіл аудандық полиция бөліміне шақыртылған. ҚазТАГ-тың бас директоры Әсет Матаевтың айтуынша, Қасеновтің тергеуге келгенде ұсталғанын адвокаттары хабарлаған.

23 желтоқсанда күндіз Әмір Қасенов Facebook парақшасында пост жазып, Есіл аудандық ішкі істер бөліміне шақырту алғанын жазған. Оның айтуынша, тергеуші Заманбек Тазабеков адвокаты Ерлан Мәкенов басқа іс бойынша өзге қалада жүргеніне қарамастан, оны дереу келуге шақырған.

"Тергеу әрекеттеріне адвокатсыз қатыса алмайтыным туралы уәжімді қабылдамады. Тазабековтен Есіл аудандық ішкі істер бөліміне келу туралы шақыртуды алған жоқпын. Маған дереу адвокат керек" деп жазды Қасенов.

Әсет Матаев ҚазТАГ бас редакторының ұсталуын "құқықтық бассыздық" деп атады. "Қазақстанда әділдік болса, Әмірге тағылған айыптарды алып тастап, оны бостандыққа шығаруы керек" деп жазды Матаев.

Freedom Finance Қасеновтің ұсталуы бойынша пікір білдірген жоқ.

8 желтоқсанда ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. Бұл компанияны Ресейден шыққан, кейін Қазақстан азаматтығын алған миллиардер Тимур Турлов (Forbes журналы байлығын $5,8 млрд деп бағалаған) басқарады. Агенттік бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. ҚазТАГ басшылығы бұл қылмыстық істі сөз бостандығын шектеу әрекеті деген.

17 желтоқсанда тоғыз құқық қорғау ұйымынан тұратын коалиция Қазақстан билігі кейінгі апталарда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарына қысым көрсетіп жатыр деген мәлімдеме таратып, ҚазТАГ ісін де мысалға келтірген.

Қазақстан вице-премьері әрі мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін" және министрлік құзыреті аясында "журналистердің құқығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдайтынын" айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *