Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қаңтардан бастап елде қызанақ, жылқы еті, қара шай бағасын қадағалау енгізіледі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейтуге қатысты түсінік берді. 

— Бұл уақытша шара екені келісілді. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 өнім болса, оны 33 атауға дейін кеңейттік, яғни оның арасында қызанақ пен қияр да қамтылды… Тиісті бұйрыққа бүгін қол қоямын, келесі жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді, — деді Арман Шаққалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол бұл шешім аясында кеңейтілген тізімге қатысты іс-шаралар бір тоқсан бойы жүзеге асырылатынын айтты.

— Егер баға бойынша динамика сақталса, бұл бұйрық тағы да ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте 15 пайыздық үстеме бойынша шектеу ескеріледі, — деді министр.

Еске салсақ, желтоқсан айының басында Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынылды. Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген.

Осыған дейін сауда үстемесін асырып қосқан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.

 

Сообщение Қаңтардан бастап елде қызанақ, жылқы еті, қара шай бағасын қадағалау енгізіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *