Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 103 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Шетел жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде басшылар мен олардың орынбасарларына – 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына – 2 244 рұқсат (екінші санат) тиесілі. Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Атап айтқанда, мамандар саны – 3 784 адам, білікті жұмысшылар – 1 271 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 2 299 шетел азаматы тартылған, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 970 адам еңбек етуде.

Қазіргі уақытта елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 817 жұмыс беруші бар. Бұл кәсіпорындарда 334,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызын құрайды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп тартылған салалар қатарында құрылыс (4 993 адам), ауыл, орман және балық шаруашылығы (2 316 адам), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (1 235 адам), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (1 155 адам) бар.

Қазақстанға еңбек мигранттары негізінен Қытайдан (5 604 адам), Өзбекстаннан (2 110 адам), Түркиядан (1 036 адам) және Үндістаннан (943 адам) келген.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандарын тартуға арналған квота белгілейді. 2025 жылы бұл квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2 пайыз немесе 14,8 мың бірлік болып бекітілген. Наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес квота 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Ал тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшыларға арналған кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты жалпы квота 0,25 пайыз немесе 19,4 мың бірлік деңгейінде белгіленді. Қазіргі таңда өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, бұл көрсеткіш 16,7 мың бірлікке дейін қысқартылды.

Сообщение Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *