Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сенаторлар 2 кодексті пысықтап, бірқатар заңды талқылайды

Бүгін Сенаттың осы жылғы қорытынды жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған бірқатар заңды және оларға ілеспе құжаттарды талқыға салады.

Сенаторлар қарайтын құжаттардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – Құрылыс кодексі. Мәжілістің жалпы отырысында осы құжат бойынша баяндама жасаған депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, Құрылыс кодексінің жобасы құрылыс саласында туындаған жүйелік проблемаларды шешуге бағытталған және адамның тыныс-тіршілігі үшін қолайлы, қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуді, құрылыс саласының барлық субъектісінің құзыреті мен жауапкершілігін арттыруды, сәулет шешімдері мен қала құрылысы құжаттамасын талқылауға жұртшылықтың қатысуын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде жіберілген бұзушылықтарға уақтылы ден қоюды, сейсмикалық аймақтарда жобалау және құрылыс салу ерекшеліктерін енгізуді көздейді.

Бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін қала құрылысы кеңестері құрылады. Қала құрылысын жоспарлау кезінде мәслихаттардың рөлі күшейтіледі. Елді мекеннің бас жоспарын, Республика аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мерзімі 20 жылға дейін бекітіледі. Сейсмикалық қауіпті аумақтарда құрылысқа қойылатын талаптар қатаңдатылады. Сейсмикалық микроаймақтандыру карталары, қауіпті учаскелердің сел және көшкін карталары міндетті есепке алынады.

Сондай-ақ бір субъектінің «толық аяқталған» құрылысын іске асыру үшін «техникалық тапсырыс беруші» институты енгізіледі. Тиісті инженерлік іздестірулерді орындамай жобалық құжаттаманы дайындауға және объектілердің құрылысын салуға тыйым салынады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы процестер цифрландырылады. Құрылыс объектілерін жоспарлы түрде инспекциялау енгізіледі. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады. Объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде өртке қарсы бақылау енгізіледі.

Ал Сенат талқылайтын Цифрлық кодекс адам мүдделерінің басымдығына; цифрлық ортада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген цифрлық жазбаларды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігіне; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген мемлекеттік цифрлық ресурстар мен жүйелерге қол жеткізу еркіндігіне; жеке және қоғамдық мүдделердің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған.

— Бүгінде Қазақстан цифрландыру саласындағы бірқатар халықаралық бастаманы қолдайды және олардың бастамашысы саналады. Кодекстің ережелері адам құқықтарын қорғаудың және цифрлық ортаны реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, бұл ретте елдің цифрлық дамуды құқықтық реттеуге егемен көзқарасын көрсетеді. Заң жобасы кең қоғамдық талқылаудан өтті. Жоба жұмысына жүзден астам заңгер ғалымдар, азаматтық құқық саласындағы сарапшылар, бизнес өкілдері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысты. Біз жобаны талқылау үшін ашық ресурстардан мыңнан астам ұсыныстар алдық. Жұмыс көлемі мен қарқыны өте жоғары болды, — деді құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Жоғары палатаның күн тәртібіне шығарылған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңды Мәжіліс өткен аптада ғана қабылдаған болатын. Бұл заң Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бабын енгізуді көздейді. Ең басты өзгеріс «күш қолдану», яғни зорлық-зомбылық пен «қорқыту» ұғымдарын ажыратып, оларға берілетін жазаны бөлек қарастыру болды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, осыған байланысты қылмыстық әрекеттерді дұрыс саралау мақсатында «қорқыту» бойынша жаза түрлері біршама жеңілдетілді:

— айыппұл мөлшері 500 АЕК емес, 200 АЕК-тен басталады;

— қоғамдық жұмыстар 600 емес, 300 сағатқа дейін төмендеді;

— ал бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы 3 жыл емес, 2 жылға дейін қысқартылды.

— «Медицина қызметкеріне күш қолдану», яғни нақты зорлық-зомбылық жасау бойынша санкциялар қатаң күйінде сақталады. Біз қолында қаруы жоқ, тек шипалы алақаны мен біліміне сенген дәрігерді қорғауға міндеттіміз. Ашығын айтқанда, бұл заң жобасы тек дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілері туралы емес. Бұл заң жобасының түпкі мәні – дәрігердің жеке басы емес, ұлттың денсаулығы. Бұзақының кесірінен қолы сынған хирург – жасалмай қалған мыңдаған ота деген сөз. Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі – жүздеген шұғыл шақыртуға бармай қалған бүтін бір бригада деген сөз. Сондықтан, дәрігерді қорғау дегеніміз – әрбір қазақстандықтың денсаулыққа кепілдігін қорғау, — деді депутат.

Таяуда ғана Мәжіліс ратификациялаған Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісім де сенаторлардың қарауына шығарылып отыр.

Бұл құжат 2012 жылғы 29 мамырда Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы келісім негізінде құрылған Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мәртебесін қайта жалғастыруға мүмкіндік береді. Орталық қызметінің тиімділігін 2023 жылы ЮНЕСКО аудиті растады. Сарапшылар оның Орталық Азиядағы ЮНЕСКО аясындағы жұмыс істейтін жалғыз мамандандырылған гляциологиялық орталық ретінде «ерекше мәртебесі бар» деп атап өтті. Бұл Орталық су қауіпсіздігі саласында Орталық Азиядағы ғылыми жетістіктердің деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ сенаторлар банктер ашу және лицензиялау тәртібіне қойылатын талаптарды кеңейтуге; банк қызметіне қойылатын талаптарды, банктерге рұқсат етілетін инвестициялық және өзге де қызметті белгілеуге, сондай-ақ еншілес ұйымдарды реттеуді жетілдіруге; банктерді корпоративтік басқару қағидаттарын айқындауға; исламдық банк қызметін кеңейтуге; банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіруге; төлемге қабілетсіз банкті реттеу тетіктерін дамытуға бағытталған нормаларды қамтитын заңды пысықтайды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптадағы Сенат отырысында сенаторлардың ауылдық аумақтарды дамыту және ұлттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысты депутаттық сауалдарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары Қанат Бозымбаевтың ауызша жауабы тыңдалды. Сондай-ақ Сенат бұған дейін Мәжіліс қабылдаған бірқатар заңды мақұлдады.

Мәселен, отырыста «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Заңның мақсаты — Мемлекет басшысының барлық геологиялық ақпаратты жүйелеу мен цифрландыруға қатысты тапсырмаларын іске асыру. Құжат аясында геологиялық ақпараттың ашық дерекқоры бар саланың негізгі цифрлық инфрақұрылымы ретінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын бекіту ұсынылады. Платформа қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы барлық бизнес-процестерді қамтиды.

Сенат мақұлдаған келесі құжат — «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Заңда тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау жүйесін жетілдіру ескерілген. 5 жыл мерзімге лицензияның екі түрін беру көзделеді. Біріншісі – тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызмет, екіншісі – археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет. Сонымен қатар, Ұлттық археологиялық қызметті құру және оның жұмысын регламенттеу қарастырылған. Археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы мәліметтерді жинақтау үшін археологиялық жұмыстар бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру ескерілген.

Мұнан бөлек, сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңды мақұлдады. Аталған заңның мақсаты — коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға берілетін субсидияларды, гранттарды және өзге де өтеусіз көмекті алушыларды мемлекеттік қолдау аясында мемлекеттік субсидияларды толық игеруді қамтамасыз ету.

— Заңның негізгі міндеті салық режимін нақтылауға негізделген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және жергілікті атқарушы органдардан бөлінген субсидияларды, гранттарды немесе өзге де өтеусіз көмекті салық салу мақсатында табыс ретінде қарамау, сондай-ақ субсидиялар есебінен жүргізілген шығыстарды шегерімге қабылдамау ұсынылады. Бұл нормалар акцияларының немесе қатысу үлестерінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және электр энергиясын, суды (дистиллятты) әрі жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға қолданылады, — деді сенатор Бекбол Орынбасаров.

Сонымен қатар Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заңда келесі новеллалар қарастырылған:

 Ұлттық архив қоры мен тұжырымдамалық аппарат құрамын қазіргі кезеңнің, оның ішінде цифрландырудың шындықтарын ескере отырып кеңейту;
ауылдық жерде жұмыс істейтін архив қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің заңдылығы;
архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру арқылы архив саласының имиджін арттыру;
өскелең ұрпақты дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттаудан қорғау.
Сенатор Руслан Рүстемовтің айтуынша, ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салу туралы петицияның шешімін орындау мақсатында дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттерді, ойын-сауық және басқа да іс-шараларды пайдалануға тыйым салу бөлігінде толықтырулар енгізілді.

— Педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау ұғымдары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 39-бабының екінші және үшінші бөліктерімен енгізіледі. Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, әлемнің көптеген елдері ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қорғауды қамтамасыз ететін заңнаманы қабылдады, соның ішінде дәстүрлі отбасы институтын, жасөспірімдер мен балаларды дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау мен таратудан қорғауды көздейді, — деді ол.

Сообщение Сенаторлар 2 кодексті пысықтап, бірқатар заңды талқылайды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *