2025 жылғы ең жиі қойылған есімдер қандай?
2025 жылы қазақстандық ата-аналар сәбилеріне ең жиі қойған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.2025 жылы ұл балаларға қойылған ең танымал есімдер: Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр. Былтырмен салыстырғанда жаңа туған ұлдарға берілетін ең танымал есімдер тізімі өзгермеген. Дегенмен өңірлер бойынша қызық ерекшеліктер байқалады:
Атырау және Батыс Қазақстан облыстары - Хамза;Солтүстік Қазақстан - Михаил;Қалған өңірлердің басым бөлігінде - Мұхаммед және Алан.
Қыз балалар арасында ең танымал есім - Айлин. Оны барлық аймақта жиі қойған, тек төрт облыста Асылым есіміне көбірек басымдық берілген. Сондай-ақ, қыздарға жиі қойылған есімдер қатарында Медина, Айша және Томирис бар.Ұлттық статистика бюросы мынадай деректер келтірді:
Ақмола облысы - Айлин және Алан;
Ақтөбе облысы - Айлин және Мұхаммед;Алматы облысы - Айлин және Әлихан;
Атырау облысы - Айлин және Хамза;
Шығыс Қазақстан облысы - Асылым және Әмір;Абай облысы - Асылым және Айсұлтан;
Жамбыл облысы - Айлин және Мұхаммед;Жетісу облысы - Асылым және Алдияр;
Батыс Қазақстан облысы - Айлин және Хамза;Қарағанды облысы - Айлин және Алан;Ұлытау облысы - Асылым және Мұхаммед;Қостанай облысы - Айлин және Алан;Қызылорда облысы - Айлин және Айсұлтан;Маңғыстау облысы - Айлин және Мұхаммед;Түркістан облысы - Айлин және Мұхаммед;Павлодар облысы - Айлин және Ислам;Қазақстан облысы - Айлин және Михаил;Шымкент - Айлин және Мұхаммед;
Алматы - Айлин және Алан;
Астана - Айлин және Алан.
Ведомство дерегінше, биыл орыс ұлты өкілдері арасында ең танымал есімдер - Ева және Мирон, ал өзбектер арасында - Мұхаммад және Хадича болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!