Құқықтық сауаттылық — қоғам тұрақтылығының негізі
Қоғамның тұрақты дамуы мен әділеттілігі ең алдымен азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейіне тікелей байланысты. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін адам заңға немқұрайлы қарамайды, керісінше, оны құрметтейді. Ал заңға құрмет бар жерде тәртіп те, қоғамдық сенім де қалыптасады.
Құқықтық сауаттылық — тек заңгерлерге ғана қажет білім емес. Ол әрбір азаматтың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Адам өз құқығын білсе, заңсыз әрекеттерге бармайды және әділетсіздікке тап болған жағдайда өзін заң аясында қорғай алады. Бұл — қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Қазіргі таңда жастардың құқықтық біліміне ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі жастар — қоғамның болашағы әрі белсенді бөлігі....