Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Нұра тұрғындары әкімдік сатып алған жаңа үйлерде тұрудан бас тартып отыр

Қарағанды облысы Нұра ауданы орталығында баспана кезегінде тұрғандар берілген пәтерден бас тартып жатыр. Оларды жаңа үй мен орталық жылу жүйесі де қызықтырмаған. Өйткені әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әкімдік сатып алған баспаналар сыз тартып, көгеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Сондықтан кезегін сарыла күткендер бюджеттің ақшасына тұруға жарамайтын үй алған аудан басшылығын айыптап жатыр. Шенеуніктер қазіргі сатып алу жүйесіндегі олқылықтардың кесірінен ең арзан баспана сатып алуға мәжбүр болдық деп ақталды.
Қызғалдақ Үшкелбаева баспана кезегінде жылдар бойы байланып, жалдамалы пәтерді телміре күткен. Ақыры кезегі жетіп, жақсы хабардан жүрегі жарыла жаздапты. Бірақ жаңа болса да, сыры мен сызы кеппей, қабарғалары көгерген үйге кіруге жүрегі дауаламайды.

"Бұл үйде байласаң ит те тұрмайтын шығар. Өйткені баспананың сапасыз материалдардан жасалғанын көзімізбен көргенбіз. Қалай болса солай салынды", - дейді Қызғалдақ Үшкелбаева.

Оның дәлелі ретінде түсірген видеоларын да көрсетті. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша жалдамалы түрде берілетін баспанадан бас тартатынын айтады. Жалдаған соң бөтендікі болса да, жайлысында жүре бермек. Ал бюджеттің миллиондарын осы баспаналарға сарп еткен жергілікті шенеуніктер сатып алу заңындағы "тәртіпке сүйендік" деп отыр.

"Бұл үйлерді байқау негізінде сатып аламыз. Біз ол байқауға кім қатыстынын алдын ала біле алмаймыз. Тәртіп бойынша, кім арзан баға береді, соныкін алуға міндетіміз. Баспананы тағы да жіті тексеретін боламыз", - деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Есжанов.

Әрқайсына бюджеттің 20 милллион теңгеден астын қаражатын төлеген шенеуніктер баспаналарды "енді тексереміз" деп ақталды. Ал баспаналы боламыз деп, арманы су сепкендей басылған жұрт атқамінерлер алдын ала неге қарамаған деп қапалы. Әкімдік қолымызда үш жыл кепілдік бар дейді. Тұрғындар кепілдікке қарап, жыртықты жамаумен күнелткіміз келмейді деп күйіп‑пісіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *