Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Гренландияға бақылау орнатудың түрлі амалын қарастырып жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияға бақылау орнатудың түрлі амалын қарастырып жатыр, ол тіпті күш қолданудан да бас тартпауы мүмкін. Бұл жөнінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді. Оның сөзінше, Трамп Гренландияға бақылау орнатуды "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік бойынша басымдығы" деп атаған және бұл " Арктика аймағындағы қарсыластарды тежеу үшін" маңызды.

"Президент және оның командасы осы маңызды сыртқы саяси мақсатқа жетудің бірқатар нұсқасын талқылап жатыр және әрине, бас қолбасшының АҚШ қарулы күштерін де пайдалану мүмкіндігі бар" деді Левитт.

The Wall Street Journal хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Конгресс мүшелеріне арналған жабық брифингте әкімшілік аралды Даниядан сатып алуға тырысып жатқанын айтты.

4 қаңтарда Трамп Гренландия АҚШ-қа "керек" деп мәлімдеп, аралды "ресейлік және қытай кемелері" қоршап алғанын айтқан.

"Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда бізге Гренландия керек және Дания оның [қауіпсіздігін] қамтамасыз ете алмайды" деді ол.

Президенттің кеңесшісі Стивен Миллер кейінірек Гренландияны АҚШ-қа қарату идеясын Вашингтонның "ресми позициясы" деп атап, күш қолданылуы мүмкін екенін де жоққа шыармады.

Трамптың мәлімдемесін Еуропада қатаң сынады. Гренландияның премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен аралдың әрдайым АҚШ-тың жақын әрі адал досы болып келгенін айтып, "Вашингтонның қазіргі риторикасына мүлде жол беруге болмайды" деді. Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен Трамптың Гренландияға бақылау орнату туралы мәлімдемесін өкінішке қарай, салмақты түрде қабылдауға тура келеді деді.

Еуропаның бірқатар жетекшілері АҚШ Данияға қарайтын Гренландияға басып кірсе, НАТО келісімінің бесінші бабы өрескел бұзылады және бұл трансатлантикалық одаққа іс жүзінде нүкте қоюы мүмкін деген қауіп айтты.

Дания, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания және Польша басшылары ортақ мәлімдеме жасап, Арктика қауіпсіздігі мәселесін НАТО одақтастары аралдың егемендігі мен территориялық тұтастығына қол сұқпай, бірігіп шешуі керек деді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *