Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Насанов бұл қызметте денсаулығына байланысты ұлттық құрамамен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған Қайрат Сәтжановтың орнын басты.
"Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз", - делінген ресми хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)
Нұржан Насанов туралы не белгілі?
Нұржан Насанов 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)
Жаттықтырушылық қызметін 2016 жылы бастаған. Ал 2024 жылғы тамыздан бері ұлттық құраманың бапкерлер штабына кіріп, команданың бұрынғы жетекшісі Қайрат Сәтжановпен бірге жұмыс істеді. Оның шәкірттері қатарында екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және басқа да бірқатар боксшы бар.
Бұған дейін 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетов Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры болып тағайындалғаны белгілі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!