АҚЫЛ ОЙМЕН ӨЛШЕНЕДІ, ОЙ СӨЗБЕН АЙҚЫНДАЛАДЫ
Сөз адамды алға да жетелейді, тұйыққа да тірейді. Ол сырттан жай айтылған дыбыс емес, адамның ішкі әлемінен шыққан бағыттаушы күш. Сондықтан сөздің салмағы бар, ізі бар, кейде тағдырға айналатын қуаты бар.
Адамды жақсылыққа бастап тұрған сөз – шындықпен суарылған, ниетпен бекіген сөз. Ондай сөз жүрекке жетеді, ойды оятады, адамды өз-өзімен беттестіреді. Ал қапасқа апаратын сөз – жалғанмен боялған, жауапсыз айтылған сөз. Ол адамды бір сәтке жұбатқанымен, ұзақ жолда тұйыққа тірейді. Ең қауіптісі – адамның өзіне өзі айтатын сөзі. Өйткені адам өзіне не деп сөйлесе, бірте-бірте соған айналады.
Ақылдың өлшемі де сөзбен білінеді. Көп сөйлеумен емес, дәл сөйлеумен. Артық сөз –...