Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Белсенді Яра Тычина Астанада 3 желтоқсанда пикетке шыққаны үшін жауапқа тартылды

19 қаңтарда Астананың ауданаралық әкімшілік соты трансгендер-белсенді Яра Тычинаны 2025 жылғы 3 желтоқсанда "ЛГБТ-насихатқа" тыйым салуды көздейтін заң жобасына қарсы жалғыз адам пикетіне шыққаны үшін кінәлі деп таныды. Мұны REQUEST құқық қорғау бастамасы хабарлады.

Сот оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бейбіт жиналыс өткізу тәртібі жөніндегі 488-бабы бойынша 129 750 теңге (шамамен 255 доллар) айыппұл салған.

Яра Тычина былтыр 3 желтоқсанда Астанада жалғыз адам пикетін өткізгеннен кейін ұсталған. Қолына трансгендер қауымдастығы туын ұстаған белсенді Қазақстан заңдарына "ЛГБТ пропагандасына" шектеу қоятын өзгертулер енгізуге қарсылық білдіріп, үнін жеткізбек болған.

"Бұл түзетулерді қабылдамаңыздар, өтінемін. Әйтпесе жүздеген мың, тіпті миллиондаған қазақстандық зардап шегіп, шарасыз күйге түседі. Осы өзгерістер арқылы Ресейге жақындай түсерсіздер, бірақ осылардың кесірінен халықаралық инвестицияның бәрін үркітіп, Қазақстанның халықаралық беделіне орасан нұқсан келтіресіздер. Ал ең әуелі жұртқа зиян келтіресіздер. Менің отбасыма кесіріңіз тиеді. Қатты өтінемін, доғарыңыздар", — деген еді белсенді Астанадағы министрліктер үйі мен парламент ғимаратының қасында пикетте тұрып.

Белсендіге полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері таяп барып, көп ұзамай оны Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген.

30 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға" тыйым салу туралы даулы заңға қол қойған. Бұл құжат қолданыстағы 12 заңға балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі жағымсыз контенттен қорғаумен қатар "дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттауға" тыйым салатын түзетулер енгізуді көздейді.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында, әдеби шығармаларда, ойын-сауық саласында және "өзге де іс-шараларда" "ЛГБТ-насихатына" тыйым салынды. Талапты бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткішке (шамамен 155 доллар) тең мөлшерде айыппұл салынады, ал қайта заң бұзған жағдайда айыппұл ұлғайтылуы немесе 10 күнге дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Былтыр желтоқсанда құқық қорғаушы тоғыз халықаралық ұйым Қазақстан билігін даулы заңды қабылдамауға шақырып, ол құжат Қазақстанның адам құқығы жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді және ЛГБТ қауымдастығы өкілдерін жазалау мен қудалауға әкелуі мүмкін деп мәлімдеген.

"Бұл нормалар өзін ЛГБТИК қауымдастығына жатқызатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ журналистерге, ғалымдарға, суретшілерге, құқық қорғаушыларға және азаматтық қоғам өкілдеріне де тікелей қауіп төндіреді. Олар осы топтардың құқықтарын жария түрде немесе онлайн кеңістікте қорғағаны, не оң пікір білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деген құқық қорғаушы ұйымдар бірлескен мәлімдемеде.

Астана бұл үндеуге жария түрде жауап берген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *