Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Терроризм туралы жалған хабар беру салдары қандай? Бас прокуратура түсіндірді

Қазақстанда терроризм туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Бас прокуратура салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, әрбір жалған хабарлама жедел қызметтердің оқиға орнына шығуына және олардың күнделікті қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Заңда көзделген қылмыстық жауаптылықтан бөлек, кінәлі тұлға келтірілген залал мен шығынды өтеуге міндетті.

"Осыған байланысты мұндай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.

2025 жылы Ақтөбеде терроризм актілері туралы 20 көрінеу жалған хабарлама тіркеліп, барлық дерек бойынша ҚК 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Соңғы 4 жылда облыс соттарымен 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс қаралған. Сот тәжірибесіне сүйенсек, аталған санаттағы істер бойынша айыпталушыларға көбінесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал сирек жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

"Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар ауыр қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және оны жасаған тұлғаның уәждері мен жасына қарамастан қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұндай жағдай жақын күндері Алматыда да тіркелген болатын. БАҚ-тарда Telegram-арналар арқылы тарап жатқан үрейлі хабарламалар жарияланды. Онда қару-жарақтың суреттері, сондай-ақ авторлардың айтуынша, теракт жоспарланып жатқан қала мектептерінің тізімі көрсетілген. Бұл тізімдерде ондаған оқу орнының нөмірлері бар.
Алматы Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр", – делінген хабарламада.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған. Фейк хабарламаның авторы мен дереккөзі анықталып жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *