Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкенттегі 21 жастағы студенттің өлімі: полицейлерге қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жәбірленуші өтініш білдірген кезде өтінішті тіркемеген қызметкерлерге қатысты іс тергеліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатыр. Іс қылмыстық істі тіркеу және күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылдамаған қызметкерлерге қатысты", – деді ол.

Санжар Әділовтың айтуынша, бірінші кезекте аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғалары жауапты. Сондай-ақ, тергеу аясында қалалық Полиция департаментінің басшылығына құқықтық баға беріледі.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын. Президенттің сөзінше, осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш келіп түскен.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды.
Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды.
Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *