Мен қызыққан ақын-жазушылар
Қазақ елінде мен қызығатын ақын-жазушылар өте көп. Олардың ойды ашық жеткізе білуі, тапқырлығы мен зеректігі мені ерекше тамсандырады. Әр қаламгердің шығармасынан терең мағына, өмірлік сабақ табуға болады. Солардың ішінде мені ерекше қызықтыратын тұлғалар – Абай Құнанбайұлы, Дулат Исабеков және Оралхан Бөкей.
Абай Құнанбайұлы (1845–1904) – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ол Семей өңірі, Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. Абай ауқатты әрі білімді отбасында өсіп, бала кезінен білімге, оқуға ерекше қызыққан. Сол себепті де оның өлеңдері мен поэмалары өте көп. Ақынның «Қара сөздері» (45 сөз) – философиялық әрі...