Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, ақпанда қысқы суық сақаталады, алайда ай аяғына қарай күн айтарлықтай жылынады.
Ауа температурасы
Елдің басым бөлігінде аяз сақталады. Солтүстік пен шығыста -13-тен -18 градусқа дейінгі суық, ал елдің ең оңтүстігінде шамамен +3 градус болады.
Ай аяғына қарай ауа температурасы көтеріледі:

оңтүстік және оңтүстік-шығыста: 3–3,8 градусқа;басқа өңірлерде: 0,5–1,5 градусқа.

Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ақпанның бірінші жартысында ауа температурасы 0 градустан плюс мәндерге ауысады деп күтіледі.
Жауын-шашын
Көптеген өңірде 6-дан 27 миллиметрге дейін жауын-шашын болжанады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында - 30–110 миллиметр.
Солтүстікте жауын-шашын негізінен қар түрінде түссе, оңтүстікте - қар мен жаңбыр аралас болады. Түркістан облысында жауын-шашынның шамамен жартысы аралас түрде жауады.
Жауын-шашынды күндер саны:

орта есеппен 10–12 тәулік;шөлді аймақтарда - 6–7 тәулік.

Ақпанның аяғына қарай қардың қалыңдығы:

солтүстікте: 15–35 сантиметр;оңтүстікте: 3–15 сантиметр;таулы аймақтарда: 70 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді.

Оңтүстікте тұрақты қар жамылғысы әдетте ақпанның екінші жартысында бұзыла бастайды.
Жел және басқа да құбылыстар
Желдің орташа жылдамдығы:

елдің басым бөлігінде: секундына 4,5–7,5 метр;оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста: секундына 1–4,3 метр;жекелеген аймақтарда (Каспий маңында, Мұғалжар таулары ауданында, асуларда): секундына 6–9,5 метрге дейін.

Сондай-ақ боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін, әсіресе солтүстік және таулы өңірлерде. Оңтүстікте қысқы найзағай болуы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *