Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Нипах вирусына байланысты шекарада санитарлық бақылауды күшейтті

26 қаңтар күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Нипах вирусы қаупіне байланысты елдің барлық шекаралық өткізу бекетінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілгенін хабарлады.

Адамға аса қауіпті Нипах вирусы Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінде тіркелген.

Министрлік мәліметінше, қазіргі сәтке Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру я инфекцияны сырттан әкелу дерегі тіркелмеген. Әйткенмен алдын алу шарасы ретінде Қазақстанға Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген жолаушыларға бақылау күшейтілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз елдер тізімі эпидемиологиялық жағдайға қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады деп хабарлады.

Министрлік вирус анықталған елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке гигиена талаптарын сақтауға және алдын алу шараларын қатаң ұстану жөнінде кеңес береді. Ал шетелден оралғаннан кейін ауру белгілері байқалса, дереу дәрігерге қаралып, қай елде болғанын міндетті түрде хабарлау қажет деп еске салады.

Нипах вирусы адамға науқас кісіден, жануарлардан (жарқанат, шошқа), лас тағам мен сусын арқылы жұғды. Науқас адамның қызуы көтеріліп, басы ауырып, тұла бойын әлсіздік басып, ауыр түріне шалдықса, жүйке жүйесі зақымдалып, пневмония қоса асқынуы мүмкін деп ескертеді мамандар.

Нипах вирусына қарсы вакцина әлі табылған жоқ дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *