Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Баланы ұрып-соғып, видеоға түсірген: Таразда қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде баласын аяусыз ұрған тағы бір әйелдің видеосы тарады. Құзырлы органдар жантүршігерлік жағдайға пікір білдірді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің айтуынша, оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға Таразда болған. Кадрда әйел кішкентай баланы бетінен ұрып жатқаны көрінеді.

"Аяйды деп ойлама, аямаймын", - дейді видеода әйел.


Полиция не дейді?
Тараз қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.

"Медицина қызметкерлері балаға жедел түрде тексеріс жүргізді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті не дейді?
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылған.

"Олардың қауіпсіздігі мен күтімі толық көлемде қамтамасыз етілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазір дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 4 жасар ұлын сабаған әйел қамауға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *