Алматының ауасы дабыл қағуда
2025 жылы Алматы қаласының әрбір тұрғыны темекі тартпай-ақ, тек қалалық ауамен тыныстау арқылы орта есеппен 518 темекіге тең зиянды зат жұтқан. Мұндай дабыл қағарлық деректі Almaty Air Initiative қоры жариялады.
Қор мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ауа сапасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға нашарлаған. Ал PM2.5 ұсақ бөлшектерінің жылдық орташа концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) белгілеген қауіпсіз нормадан алты есе жоғары болған. Сарапшылардың есебінше, 2025 жылы қала тұрғындары бар болғаны 148 күн ғана салыстырмалы түрде таза ауамен тыныстаған. Уақыттың 60 пайызынан астамында алматылықтар денсаулыққа зиянды смогты жұтуға мәжбүр болған. Әсіресе, қыс мезгілінде ауаның ластану деңгейі күрт күшейгені байқалады....