Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында әлеуметтік әріптестікті нығайтуға меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблесының Аналар кеңесі бастамасымен мемлекеттік және қоғамдық мекемелер арасында әлеуметтік әріптестікті дамытуға арналған меморандумға қол қойылды. Бұл шара өңірде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және вандализмге қарсы «Барыңды бағала» жобасын іске асыруға бағытталған.


Меморандумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұржан Мергенбай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ директоры Сауран Қалиев, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Кадралиев, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан, Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева қатысты. Қол қойылған меморандум жобаның жол картасы негізінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, өңірлік тәжірибені республикалық деңгейде таратуға және жастар арасындағы құқықтық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Жамбыл облысында 38 ҚХА Аналар кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің қызметі республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы ізгілендіру жұмыстарын жүзеге асыру бағытында жүргізілуде. Сонымен қатар өңірде «Анаммен бірге кітап оқимын», «Ана көрген», «Анамның әні», «Айналайын» және «Ақ орамал» жобалары, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы «Балам, заңнан аттама» мен «Салауатты сана» жобалары белсенді түрде іске асырылуда. Бұл бастамалар жастар арасындағы лудомания, есірткіге тәуелділік, вандализм, ысырапшылдық және буллинг сияқты теріс әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Республика бойынша әлеуметтік бес кеселдің алдын алу бағытында үздік деп танылған өңірлер қатарында Жамбыл облысы да бар. Осыған сәйкес Аналар кеңесі өңірде вандализмге қарсы «Барыңды бағала» жобасын іске асыруға жауапты. Жоба 2024 жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асырылып, қазіргі уақытқа дейін 45 іс-шара өткізілген. Жоба аясында білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар салалары бірлесе жұмыс атқаруда.
Меморандумға қол қою рәсімі өңірде қоғамдық келісімді нығайту, жастар тәрбиесін қолдау және бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың маңызды бастамасы болып отыр.

Сообщение Жамбыл облысында әлеуметтік әріптестікті нығайтуға меморандумға қол қойылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *