Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ долларына жетті.

Өзара сауданың өсуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін орнықты алғышарттардың бар екенін растап отыр.

Орта мерзімді перспективада тараптар екіжақты тауар айналымы көлемін $1 млрд-қа дейін жеткізуге ниетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Исламабадта өткен Пәкістан Ислам Республикасының Коммерция министрі Джам Камал Ханмен екіжақты кездесуі барысында талқылады.

Келіссөздер барысында тараптар өзара сауда көлемін ұлғайтуға бағытталған жекелеген бастамалардан жүйелі жұмысқа көшуге мүдделі екендігін жеткізді. Арман Шаққалиев тауар айналымын ұлғайту бойынша экономиканың нақты секторларын айқындауды, сондай-ақ осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар мен практикалық қадамдарды белгілеуді ұсынды.

Аталған тетікті іске асыру ең жоғары сауда-экономикалық әлеуетке ие басым салаларға, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өнімдеріне, химия және мұнай-химия өнеркәсібіне, металлургияға, машина жасау мен фармацевтика саласына басымдықпен назар аударуды көздейді.

— Өзара тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсатына қол жеткізу үшін QazTrade және TDAP бастамаларды іске асырудың негізгі операторлары ретінде айқындалады. Бұл бизнесті сүйемелдеу, тікелей B2B-контактілерді ұйымдастыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Өз кезегінде Пәкістан Ислам Республикасының Сауда министрі қазақстандық тараптың бастамасын қолдады.

— Пәкістан Қазақстанмен сауда қатынастарын дамытуға ерекше мән береді. Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ғана емес, сонымен қатар өңірдегі Пәкістанның ең ірі экспорттық нарығы, — деді Джам Камал Хан.

Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Онда ортадағы келісімді іске асыру бойынша QazTrade пен TDAP-қа тиісті міндеттер жүктелді.

Айта кетелік Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен оның болашақ даму мүмкіндіктері туралы жазған едік.

 

Сообщение Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *