Дәрі-дәрмекпен өзін-өзі емдеу: пайдасы бар ма, әлде қауіпі көп пе?
Бүгінгі қоғамда халық денсаулығын сақтау және сапалы білімді ілгерілету – Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негізгі бағыттарының бірі. Атап айтқанда, ТДМ 3 – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат», ал ТДМ 4 – «Сапалы білім». Бұлар әр адамның денсаулығын қорғауға және дұрыс ақпаратқа сүйеніп шешім қабылдауына ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда дәрі-дәрмекпен өзін-өзі емдеу (self-medication) мәселесі өте өзекті.
Қазіргі таңда көптеген адамдар дәрігерге бармай-ақ, өз бетінше дәрі ішуді әдетке айналдырып келеді. Біреу басы ауырса – «үйдегі таблетканы» жұтады, біреуде жөтел басталса – «көршінің кеңесімен» сироп алады, ал кейбірі әлеуметтік желідегі «тәуіпші ем-домдарға» сеніп, антибиотикке дейін қол созады. Мұндай әрекет бір қарағанда уақытты үнемдейтін,...