Екібастұзда бір жарым жасар баланың өліміне қатысты іс жабылды
Телеарнаның мәліметінше, дәрігерлер оны стоматиттен емдеген, ал баланың өкпесі қабынғаны қайғылы жағдайға небәрі бірнеше сағат қалғанда ғана анықталған.
Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті жүргізген тексеріс баланың уақытында рентгенге түсірілмегенін және қан талдауы алынбағанын көрсетті. Соған қарамастан, медицина қызметкерлері тек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған.
"Екібастұз қалалық ауруханасы мен Екібастұз қаласындағы №1 емхананың медицина қызметкерлерінің әрекеттерінен Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамы белгілері жоқ. Атап айтқанда, бұл - медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін салғырт немесе адал орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай", - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Қадағалау органында осы қорытындыларға сүйене отырып, тергеу тоқтатылғанын түсіндірді. Бұл шешім туралы баланың анасы Валентина Хамитова бірден білмеген: ол хабарламаны бірнеше күннен кейін ғана алған.
Енді әйел істі қайта қарауды, жаңа сараптама тағайындауды және ұлын емдеген барлық дәрігерден жауап алуды талап етіп отыр.
"Маған істің жабылғаны тек 3 ақпанда хабарланды. Біз өтінішхат жібергенбіз, бірақ оны қарамаған. Өтінішхаттың жайын білу үшін өзім қоңырау шалғанда ғана, істің соталды тергеуі тоқтатылғанын айтты. Бұлай қалай болады?" - деп ашуланды Хамитова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!