Жастар арасындағы құқықтық мәдениет
Жастар арасындағы құқықтық мәдениет
Заңның қаталдығын емес, қадірін үстем еткен қоғам ғана әділетке жақындайды. Құқықтық мәдениет – қағазға түскен баптар жиынтығы емес, адамның ішкі дүниесіне орныққан тәртіп пен жауапкершілік. Бұл қасиет, ең алдымен, жастардың санасында қалыптасуға тиіс. Себебі, жас кезіңде алған тәрбие – тасқа қашалған таңба сияқты. Ежелгі ойшылдар «заң әділетсіз болса, оған бағыну – парыз емес» деген ойды алға шығарған. Бірақ мәселе заңда емес, оны қалай қабылдайтынымызда. Құқықтық мәдениет – сыртқы тәртіпке көну емес, ішкі ар-ожданның заңмен үйлесуі. Ал бұл үйлесім ең алдымен жастардың дүниетанымында қалыптасады.
Философиялық тұрғыдан қарасақ, заң – еркіндікті тұншықтыратын емес, оны реттейтін өлшем....