Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Димаш Құдайбергеннің шоуы Қытай телерейтингінде көш бастады

Димаш Құдайберген атқарушы продюсер болған «Voice Beyond Horizon» атты жаңа музыкалық жобаның дебюттік эпизоды Қытай медиакеңістігінде сенсация жасады, деп хабарлайды әртістің ресми сайты.

Бұл жетістікті Hunan TV телеарнасы жан-жақты деректермен растады. Премьера Қытайдың CVB желісінде, CSM ұлттық желісінде және CSM71 қалалық желісінде аймақтық спутниктік телеарналар арасында сенімді түрде көш бастады. Сондай-ақ KuYun және Huanwang рейтингтерінде аймақтық спутниктік арналар арасында бірінші орынға ие болды.

Көрермен қызығушылығының ауқымы сандық платформалардан алынған статистикамен расталып отыр.

Стримингтік платформаларда тікелей эфирдегі трансляциялардың жиынтық қамтуы 102 млн қаралымнан асты. Ал әлеуметтік желілерде жобаға қатысты 143-тен астам тақырып талқыланған.

— Алты елден (Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия және Сербия – ред.) келген сегіз әртістің және жобаның бастамашысы Димаш Құдайбергеннің әсерлі өнер көрсетуі әлемге Ұлы Жібек жолының симфониясын естуге мүмкіндік берді, — деп хабарланды әртістің сайтында.

Қазақстан атынан қатысқан Нұржас Садырбаев шоудың бірінші шығарылымында жеңіске жетті. Қытайлық әнші Цай Ченгью екінші орынды, ал итальяндық қатысушы Джулия Фальконе үшінші орынды иеленді.

Музыкалық жобаның тұсаукесері 5 ақпанда өтті. Бағдарлама әр бейсенбі сайын сағат 22:00-де Hunan TV телеарнасы және Mango TV платформасынан көрсетіледі.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жобасы Түркістанда көрсетілгенін жазған болатынбыз.

Сообщение Димаш Құдайбергеннің шоуы Қытай телерейтингінде көш бастады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *