Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Навальный штабының бұрынғы белсендісін экстрадицияламақ

Қазақстан бас прокуратурасы бұрын Навальный штабында болған белсенді Юлия Емельянованы Ресейге экстрадицияламақ. Бұл жөнінде адвокат Мұрат Адам хабарлады.

"Қазақстан бас прокуратурасының Юлия Емельянованы экстрадициялау туралы шешім қабылдағанын түнде ғана білдік. Бүгін таңертең Жоғарғы сотқа шағым түсірдік. Біз мұны [экстрадициялау туралы қаулы] тек Юлия Емельянованың өзінен біліп отырмыз. Он минут бұрын ғана маған авиациялық прокуратурадан қаулының көшірмесін алдық" деді ол Азаттыққа.

Оның сөзінше, бас прокуратураның қаулысы 27 қаңтарда шыққан. Онда бас прокурордың орынбасары Асхат Жұмағалидің қолы бар.

Қазақстан бас прокуратурасы әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Қазір адвокаты мен жақтастары Юлия Емельяноваға Ресейге экстрадиция қатері төніп тұрғанын айтады.

Журналист Тамара Еслямованың жазуынша, қазір соғысқа қарсы комитет, "Ковчег" және адвокаттар оған жол бермеуге тырысып жатыр. Ол заңгер Маргарита Кучушеваның сөзінен үзінді келтіреді.

"Қазақстан ресейліктер үшін қауіпсіз емес елге айналды. Осымен кемінде төртінші жағдай болып отыр – процессуалдық нормаларды айналып өтіп, қорғау құқығынан айырып, адамдарды шұғыл жағдайда беруге тырысып жатыр" деді заңгер.

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Қазақстан кемінде үш ресейлікті экстрадициялау туралы шешім қабылдаған: шешен азаматы Мансур Мовлаев, соғыстан қашқан Семен Бажуков пен IT маманы Александр Качкуркин.

Юлия Емельянова былтыр 31 тамызда Алматы әуежайында ұсталған. Транзитпен ұшып бара жатқан Ресей азаматын паспорт тексеретін орында тоқтатқан – Ресей оған қылмысқа күдікті ретінде іздеу жарияланған.

2021 жылғы қыркүйекте Ресейде Юлия Емельянованың үстінен такси жүргізушісінің телефонын ұрлаған деген күдікпен іс қозғалған. Оның ұсталғанын хабарлаған "Ресейдің соғысқа қарсы комитеті" және "Ковчег" ұйымдары іс қолдан жасалғанын аңғартатын белгілер бар мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *