Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда әзілкеш Сабыровты "жалдамалылық" бабы бойынша тексеруі мүмкін

Қазақстан бас прокуратурасы әзілкеш Нұрлан Сабыровты "жалдамалылық" бабы бойынша тексеруі мүмкін. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.

Қазақстан заңнамасы бойынша, шетелдегі қарулы қақтығысты қаржылай қолдағандар қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Ақпарат құралдарының жазуынша, тексеріске Истра қаласының басшысы Татьяна Викушеваның 2025 жылы жазда жариялаған телеграм-жазбасы түрткі болған. Онда Истра ауданында тұратын Сабыров соғысқа 10 мотоцикл жібергені жазылған.

"Ресей қаһарманы Ратибордың қарамағындағы "Вагнер Истра Легионы" жауынгерлеріне қуатты 10 питбайк жіберіліп жатыр. Командир, көліктерді қабылдап алыңыз" деп жазды Викушева.

Қазір жазба өшірілген, алайда оның көшірмесі пабликтерде сақталған.

Биыл 6 ақпанда Нұрлан Сабыров Мәскеудің Внуков әуежайында тоқтатылып, Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған еді. Әзілкеш Қазақстанға оралып, әлеуметтік желідегі барлық жазбаларын өшіріп, оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты. Оның сөзінше, мәселемен заңгерлер мен құзырлы органдар айналысып жатыр.Сабыровтың танысына сүйенген "Важные истории" жазуынша, ФСБ-ның конституциялық құрылысты қорғау мен терроризммен күрес жөніндегі қызмет және оның басшысы Алексей Жало тыйым салған. Бұған әзілкештің қалжыңымен қатар ФСБ-мен әріптестік орнатуға ықылассыздығы түрткі болған.Қазақстан азаматтығы бар Сабыров соның салдарынан Ресейден ықтиярхат ала алмаған деді дереккөз. Әзілкештің танысының айтуынша, Сабыров өзінің "ресейшіл ұстанымын" көрсету үшін екі миллион рубль ақшаны "всё для победы" қорына жіберіп, 10 мотоциклды соғысқа берген. Алайда арнайы қызметтің шешіміне бұл әсер етпеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *