Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Майқайыңда екі мәйіт табылды: жаңа дерек айтылды

Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды. Оқиға бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Үйлердің бірінде кәмелетке толмаған бала болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұмдық оқиға туралы ақпарат 13 ақпанда шықты. Майқайың кентінде ер адам мен әйел адамның мәйіті табылған. Алдын ала деректер бойынша, олардың бірінің шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қаза болуы мүмкін.
Бұл дерек бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғындар мәйіттердің бірі қарт әйел тұрған үйден, екіншісі - көрші үйден табылғанын айтты. Болжам бойынша, марқұмдар оның туыстары - күйеуі мен қызы болуы мүмкін. Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.
Дәрігерлерді отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмей жүргені алаңдатқан. Мекенжайға барған кезде ешкім есік ашпаған.
Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева үйлердің бірінде анасы мен кішкентай қыз бірге тұрғанын айтты.

"Қазір бала ауруханаға орналастырылды, әрі қарай оны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде Екібастұздағы балаларды қолдау орталығына анықтау мәселесі шешіледі", - деп түсіндірді Шакенева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, туыстарының қалауы бойынша қыз балабақшаға бармаған.

"Қыз мектепте де оқымаған, себебі оқу жылының басында оның жасы небәрі беске толған еді. Қазір медициналық көрсеткіштер бойынша дені сау, сырт көзге қандай да бір ауытқуы байқалмайды. Онымен балалар психологы жұмыс істеп жатыр", - деп қосты Сәуле Шакенева.

Бұған дейін Майқайың кентінің тұрғындары отбасы бөгде адамдарды үйіне кіргізбейтінін хабарлаған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *