Олимпиада-2026: Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында параллель могулдан ерлер арасында сайыс басталды. Елімізден сынға түскен Павел Колмаков үздік 16 спортшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста отандасымыз 1/16 финалда Франция өкілі Арзур де Виллаукортты 22:13 есебімен жеңді. 1/8 финалда Павел Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, 9 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кингсберимен (Канада) жолы түйісіп, жарыс жолын аяқтады.
Павел Колмаков бұған дейін 2014, 2018, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, фристайл-могулдан ең жоғарғы көрсеткіші 7-орын болып тіркелген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!