Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында “өлдіге балап, жерленген“ әйел бір айдан соң үйіне оралды

Жамбыл облысында ерекше жағдай болды. Қайтыс болды деп танылған әйел бір айдан кейін үйіне қайта оралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мән-жайы

Талапкердің анасы 1953 жылы туған. 2024 жылғы тамызда Таразға әпкесінің үйіне көшіп барған. 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен. Анасының әпкесі полицияға жүгінген. 2025 жылғы тамызда ауыл маңындағы далада мәйіт табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Табылған мәйітті талапкер жоғалған әйелдің мәйіті деп таныған, соның негізінде өлім туралы акт жазбасы тіркеліп, өлім туралы куәлік берілген.

Әйелдің қайта оралуы және сот талқылауы

Бір айдан кейін, 2025 жылғы қыркүйекте, талапкердің анасы тосыннан Жамбыл ауданының Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген. Талапкер анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап арыз берген.

Әйел Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына кетіп, пияз теру жұмысына кірген, сондағы үйде тұрған. Кейін зейнетақы төлемдері тоқтаған соң, Таразға келіп, өзінің "қайтыс болғанын" білген. Талапкер анасының туыстарға немесе басқа жерлерге ұзақ уақытқа кетіп қалатын әдеті болғанын айтқан.

Сараптама және сот шешімі

Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің бөтен адамға тиесілі екенін анықтаған. Полиция эксгумация жүргізіп, қайта сот-медициналық және генетикалық сараптама тағайындаған, оның нәтижесінде марқұмның нақты тұлғасы анықталған. Өлім дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтатылған.

Сот шешімімен талапкердің арызы қанағаттандырылды: өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, өлім туралы акт жазбасы күшін жойды. Шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *