Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы соты Азаттық тілшісіне "сайлау жайлы қоғамдық сауалнама жүргізгені" үшін айыппұл салды

17 ақпанда Алматы қаласының әкімшілік соты "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу" бабы бойынша айыпталған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі) Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, журналистің отбасы жағдайын ескеріп, айып мөлшерін 30 пайыз азайтты. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Әкімшілік іске тілшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қойған сауалы ("референдумға барасыз ба?") түрткі болған.

Сот кезінде прокурор Айбек Ертайұлы Мақпал Мұқанқызының "сайлау заңнамасы талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал жүргізгенін" алға тартып, судьядан айыппұл салуды сұрады.

Ал тілшінің өзі хаттамада айтылған жайттармен келіспей, өз жазбасы референдум барысына еш әсері болмағанын алға тартты. Ол заң саласында "мөлшерлестік" (соразмерность) ұғымы барын, заң нормаларын тым асыра пайдалануға жол бермеу қажеттігін айтты.

Мақпал Мұқанқызының өкілі заңгер Ольга Диденко процесс кезінде бірнеше өтініш берді, арасында сотқа Орталық сайлау комиссиясы немесе аумақтық сайлау комиссиясының өкілін шақырту туралы өтініш те бар. Оның сөзінше, қазір әлеуметтік желілер қолданушыға өз жазылушыларының белгілі бір мәселеге байланысты пікірін білуге мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық сауалнама жүргізу емес, себебі оны жүргізудің өзіндік методологиясы, репрезентативтілікке қатысты критерийлері, ғылымға негізделген тәртібі болады деді ол.

"Бұл жағдайдың ешқандай нашар салдары жоғын атап айтпақпын. Қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүддесін бұзған жоқ. Нақ осы себепті, құқық бұзу құрамы жоқ болғандықтан мұндай жайттарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігін қолдану аясынан алып тасталуы керек немесе заң қорғайтын мүдделерге шынайы қауіп төндірмейтіндіктен және залал келтірмейтіндіктен болмашы нәрсе деп бағалануы керек деп есептеймін", деді Ольга Диденко.

Заңгердің сөзінше, билік осы жайтқа байланысты заң талаптарына зер салып, нақты түсіндірме бергені жөн болмақ.

"Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау туралы" конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы ережелеріне назар аударып, әлеуметтік желіде я мессенджерде қолданушы жүргізетін, қамтитын аудиториясы тар әрі шектеулі (мысалы, нақ осы жағдайда бар-жоғы 6 адам) сауалнама конституциялық заң тұрғысынан қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама болып санала ма – соған қатысты нақты әрі түсінікті етіп түсіндірме беруі қажет", дейді Диденко.

Ол сонымен бірге соттан Медеу аудандық прокуратурасына жеке анықтама шығаруды сұрап та өтініш берді.

Істі қараған судья Расул Жамалбеков журналистің өкілінің өтініштерін қанағаттандырған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *