«Елу жыл, алты ай, екі күн» - адал махаббаттың өлшемі
Тарихта ел есінде қалған тұлғалар көп. Бірақ олардың өміріндегі ең биік жеңіс - атақ та емес, қызмет те емес. Кейде ең үлкен бақыт - бір адаммен өмір бойы бірге болып, сол жанға адал қалу. Дінмұхамед Қонаев пен жары Зухра Шәріпқызының махаббаты - дәл сондай биік сезімнің үлгісі. Зухра тек «үлкен адамның жары» емес, парасаты биік, ойы жүйрік, тәрбиесі терең жан еді. Оның бойындағы мәдениет, сабыр, кішіпейілділік Қонаевтың өз сөздерінен де анық сезіледі. Ол Зухраны сүйіп қана қоймай, қадірлей білді. Бұл - махаббаттың ең таза түрі.
Олардың арасындағы сезім даңғаза сөздермен емес, үнсіз қамқорлықпен, бір-біріне деген сеніммен қалыптасты. Елу...