Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда 2025 жылы балмұздақ экспорты импорттан асып түсті

2025 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорт көлемінен асты. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 14 167 тоннаны құраса, импорт 12 194 тонна болды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Аталған көрсеткіш саладағы жүйелі өзгерістерді және отандық өндірушілердің халықаралық нарықтардағы позициясының нығаюын айқындайды.

«Шин-Лайн» компаниясының корпоративтік мәселелержөніндегі вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, қол жеткізілген нәтиже ұзақмерзімді жаңғырту стратегиясымен экспорттық экспансияның жемісі.

– 2005 жылы Қазақстан небәрі 12 тонна балмұздақ экспорттап, 12 мың тоннадан астам өнім импорттаған болатын. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді: жеткізу географиясы 10 елге дейін кеңейді, ал экспорт алғаш рет импорттан басым түсті. Бұл қазақстандық өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігін және саланың кемелденгенін көрсетеді, — деді ол.

Оның сөзінше, өсімнің негізгі факторлары – заманауи өндірістік қуаттарды құруға бағытталған ауқымды инвестициялар, озық технологияларды енгізу, сондай-ақ отандық өндірушілерді жүйелі мемлекеттік қолдау. Экспорттық түсімнің артуы және орташа экспорттық бағаның өсуі баға бәсекесінен сапа мен брендтер бәсекесіне көшу үдерісін айқын дәлелдейді.

Қазақстандық балмұздақ экспортының негізгі үлесін қамтамасыз ететін «Шин-Лайн» компаниясы халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуды жалғастырып, отандық кәсіпорындардың тұрақты экспорттық үрдіс қалыптастыру және «Қазақстанда жасалған» брендін жаһандық нарықтарда ілгерілету әлеуетін көрсетіп келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО университетінде түйе сүтінен балмұздақ пен йогурт жасау қолға алынғанын жазғанбыз.

 

Сообщение Қазақстанда 2025 жылы балмұздақ экспорты импорттан асып түсті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *