Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ең бастысы - өзіңе сену“. Михаил Шайдоровпен ашық сұхбат

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Tengrinews.kz-ке эксклюзив сұхбат берді. Ол Денис Теннің мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі туралы айтып, өзінің жеңісі мен халықаралық қауымдастықтың реакциясына қатысты пікір білдірді.
Ол тарихи жеңістен кейін есімі Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал бола бастағанын айтты.

"Бәрі Денис Тенді біледі. Енді мені де қазіргі қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың көшбасшысы ретінде таниды".

Оның айтуынша, Қазақстанның нәтижесі әлемдік мәнерлеп сырғанау қауымдастығының назарын аударған. Бұл спорт түрінде дәстүрлі түрде басқа елдер көш бастап келеді.

"Әлемдік қауымдастық үшін бұл спортта көшбасшы саналмайтын ел мәнерлеп сырғанаудан ғасырлар бойы тарихы жазылып келе жатқан мықты құрамаларды басып озғаны - үлкен оқиға".

Шайдоров жарыстан кейін бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар келіп, қолдау білдіргенін айтты.

"Көптеген мәнерлеп сырғанаушы мен жаттықтырушылар келіп, менің тарихым ерекше құрмет тудыратынын айтты".

Сондай-ақ, ол Денис Теннің рөліне арнайы тоқталды.

"Әрине, бұл жолды ашқан - Денис Тен. Ол үшін оған үлкен алғыс. Ал менің нәтижем отандық мәнерлеп сырғанауды жаңа деңгейге көтерді".

Спортшының сөзінше, мұндай жетістіктер жас спортшылар үшін де маңызды бағдар бола алады.

"Қалай болғанда да, мен де, Денис те тек Олимпиада медалін алған жоқпыз. Біз өз үлгімізбен жас спортшыларға бәрі мүмкін екенін көрсеттік. Ешқандай шекара жоқ. Ең бастысы - өзіңе сену".

Сұхбатты толық оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *