Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда кезекте тұрғандарға тұрғын үй бөлу тіртібі өзгереді

2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді кезекте тұрған азаматтарға бөлу тәртібін өзгертеді. Енді пәтерлер тек міндетті түгендеуден (инвентаризациядан) өткеннен кейін ғана үлестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түгендеу – бұл кезекте тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру және нақтылау рәсімі. Ол қателерді болдырмауға, кезекте тұрған адамның өзекті мәртебесін, отбасы құрамын, санатын, сондай-ақ оның тұрғын үйінің бар-жоғын нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

"Бастапқы кезеңде, Отбасы банк тұрғын үйді бөлу бойынша жаңа функцияны енді іске асыра бастағанда, уақытша шешім қабылданып, тұрғын үй түгендеуден өтпеген кезекте тұрған азаматтарға да үлестірілді. Бұл тұрғын үй бөлу процесін жедел бастау және азаматтардың күту уақытын қысқарту үшін қажет шара болды", - делінген хабарламада.

Пәтер бөлінгеннен кейін кезекте тұрған азамат міндетті түрде түгендеуден өтуі тиіс болады, тек содан кейін ғана тұрғын үйді рәсімдеу процесі басталатын. Кей жағдайда инвентаризация барысында азаматтың бұрыннан тұрғын үй сатып алғаны анықталып, оның енді тұрғын үйге мұқтаж емес екені белгілі болады. Ал кейбір отбасыларда отбасы құрамының өзгеріп, балалары көбейгені анықталады, бірақ оларға ауданы кішірек пәтер бөлінген жағдайлар да болған. Осындай жағдайлардың барлығында тұрғын үйді бөлу процесін қайта бастауға тура келіп, уақыт ұзарды және жүйе кешігіп жұмыс істегені айтылды.
Енді, 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіретін болады. Осы сәттен бастап инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті қадамға айналады.
Қазіргі уақытта кезекте тұрған 257 мың адам түгендеуден өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *