Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Деменция қаупін едәуір төмендететін қарапайым әдет аталды

Кітап оқу, жазу және шет тілдерін үйрену әдеті егде жаста деменция қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. АҚШ-тағы Раш университеті медициналық орталығының зерттеушілері осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Tengri Life.

Ғалымдар зерттеу барысында жасы 80-ге таяған 1939 адамның деректерін талдап, олардың денсаулығын сегіз жылға жуық бақылаған. Қатысушылардың өмір бойғы зияткерлік белсенділігі "когнитивтік байыту" шкаласы арқылы бағаланған. Бұл көрсеткіш адамның бала кезінен қартайғанға дейін интеллектуалдық істерге қаншалықты белсенді араласқанын анықтайды.

Нейропсихолог Андреа Заммиттің айтуынша, зерттеу адамның өмір бойы ми жұмысын ынталандыратын орта мен іс-әрекеттердің әсерін қамтиды. Қатысушылардан 12 жастағы, 40 жастағы және қазіргі кезеңдегі әдеттері туралы сұралған. Сауалнамада кітап оқу, кітапхана мен музейге бару, шет тілдерін меңгеру, сөздік пайдалану және мәтінмен жұмысқа қатысты басқа да әрекеттер қамтылған.

Нәтижесінде "когнитивтік байыту" деңгейі ең жоғары адамдарда Альцгеймер ауруының даму қаупі 38 пайызға, ал жеңіл когнитивтік бұзылыстар қаупі 36 пайызға төмен болғаны анықталған. Сонымен қатар, бұл топта Альцгеймер шамамен бес жылға, ал жеңіл когнитивтік бұзылыстар жеті жылға кеш басталған.

Зерттеушілер қайтыс болған қатысушылардың ми тіндерін де талдаған. Балалық шағында интеллектуалдық белсенділігі жоғары болған адамдардың миында Альцгеймерге байланысты патологиялық ақуыздардың жиналуына төзімділік жоғарырақ болғаны байқалған.

Ғалымдардың пікірінше, өмір бойы ақыл-ойды белсенді ұстап, түрлі зияткерлік әрекеттермен айналысу мидың саулығын сақтауға ықпал етеді. Ерте жастан кітап оқу мен білім алуға қызығушылықты арттыратын кітапханаларға, білім беру бағдарламаларына және өзге де ресурстарға қолжетімділікті кеңейту болашақта деменцияның таралуын азайтудың бір жолы болуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *