Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ата Заңның архитекторы: Ерлан Қарин Президенттің жаңа Конституцияны әзірлеуге қалай қатысқаны жайында айтты

Бейсенбі, 26 ақпан күні, "Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін" жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақтөбе облысының активімен кездесті. Іс-шара барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елдің жаңа Ата Заң жобасы қалай әзірленгені туралы маңызды әрі қызықты деректермен бөлісті.
Оның айтуынша, Президент тек реформаларға бастамашы болып қана қоймай, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінің тікелей авторы болды.

"Президенттің мемлекеттік құндылықтарға деген қастерлі әрі мұқият көзқарасының жарқын көріністерінің бірі - мәтіндермен жұмыс істеу мәдениеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде "Егемендік" және "Тәуелсіздік" ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазады", - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше бұл жай ғана стилистикалық ерекшелік емес, елдің жоғары басшылығы ұстанатын қағидатты ұстаным.

"Президенттің ойынша, біздің де пікірімізше, бұл сөздер - қасиетті, қастерлі ұғымдар. Ата Заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталды", - деді ол.

Ерлан Қариннің сөзінше, Президенттің тәжірибесі мол - олмемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ең жоғары лауазымдарда қызмет атқарды. Мұндай қызметтерде әрбір сөздің дәлдігі үлкен мәнге ие. Сол себепті де тұжырымдарға айрықша мұқият қарайды.

"Ол ұзақ жылдар бойы Парламентте, Үкіметте, Халықаралық ұйымдарда қызмет атқарды. Сол себепті, құжаттармен жұмыс істеудің нюанстарын, ерекшеліктерін жақсы біледі. Әрбір сөздің салмағын жақсы түсінеді. Мұқият қарайды", - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларға жалпы басшылық жасаумен шектелмей, жаңа Ата Заңның әрбір ережесінжеке өзі мұқият әзірлеуге тікелей араласқан. Президенттің тікелейбастамасымен Конституцияға іргелі өзгерістер енгізілді.

"Мемлекет басшысы Парламенттік және Конституциялық реформалар аясында ұсынылған әрбір бастаманы жеке әрі егжей-тегжейлі зерделеді. Сондықтан жаңа Конституциядағы негізгі әрі қағидатты өзгерістердің көбін ол өзі ұсынды. Мысалы, жаңа Преамбула Президенттің тұжырымдамалық тезистері негізінде әзірленді. Сол сияқты жаңа Конституциядағы үлкен жаңашылдықтардың, әсіресе қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайтын жаңа нормалардың авторы да - өзі", - деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Сөз соңында Ерлан Қарин Жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының анық қолтаңбасы бар екенін жеткізді. Оның айтуынша,Қасым-Жомарт Кемелұлын құжаттың негізгі басты авторларының бірі десек те еш қателеспейміз.
Еске сала кетейік, Президент Жарлығымен жаңа Конституция жобасы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылды. Құжатты талқылау жарты жылға созылып, азаматтардан, сарапшылардан, саяси партиялар мен ұйымдардан түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *