Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды

Түркістан қаласында Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ауқымды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Қаланың басты туристік орталықтарының бірі – Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен арнайы Конституциялық мурал салынды.
Жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.

Бұл бастама – мемлекеттік қолдаумен ғана емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік қауымдастықтың белсенді атсалысуымен жүзеге асқан игі іс. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ел болашағына деген жанашырлығының нақты көрінісі ретінде бұл жоба қоғам тарапынан жоғары бағаланды. Мұндай шаралар қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді арттырып, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Муралдың ашылуына орай жастар өкілдерінің қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтын ұрандар айтып, көк аспанға референдум тақырыбындағы әуе шарларын ұшырды. Бұл символикалық әрекет – елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі болды.

Шара аясында жастар реформаның маңыздылығы, оның мемлекет дамуына ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің берік негізі екенін атап өтті. Ашық аспан астында өткен бұл патриоттық акция қатысушыларға ерекше рух сыйлап, көпшіліктің есінде ұзақ сақталатын тағылымды сәтке айналды.

Жаңа мурал туристік нысандарға тың серпін беріп, қаланың көркем келбетін одан әрі айшықтай түсті. Бүгінде тұрғын үйдің қасбетіндегі Конституциялық мурал жастардың сүйікті фото-аймағына айналып үлгерді. Бұл – өнер арқылы қоғамдық құндылықтарды насихаттаудың тиімді үлгісі.

Аталған жоба – Конституциялық реформаның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге бағытталған креативті әрі мазмұнды бастамалардың бірі. Түркістан қаласында жүзеге асқан бұл игі іс – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ ұмтылысының айқын көрінісі. Қоғамдық кеңістіктерде ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік реформаларды дәріптейтін креативті жобаларды жүзеге асыру - елдік сананы нығайтып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *