Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодардағы банк тонау оқиғасы: төрт ресейлік қамауға алынған

Қазақстандағы банк тонау ісі бойынша Ресей азаматтары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Сот материалдарына сүйенсек, Иваново соты қылмыстық іс аясында төрт адамды қамауға алған. Бұл істі 2024 жылғы 11 қарашада Павлодар орталық полиция бөлімі тіркеген.

"Құжатқа сәйкес, іс материалдарында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ бөлімшесінің депозитарийінен зергерлік бұйымдар мен түрлі валютадағы ақша қаражатын ұрлау туралы айтылған. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 400 миллион рубль (2,57 миллиард теңгеге жуық - еск.) болады. Ресей Федерациясының азаматтарына аса ірі көлемде, ұйымдасқан топ құрамында ұрлық жасады деген айып тағылған", – деп хабарлайды РИА Новости.

Не болған?
2024 жылдың күзінде Павлодарда белгісіз адамдар Halyk Bank филиалының қабырғасын бұзып кіріп, бір миллиард теңгеден астам қаражатты алып кеткен. Банк бөлімшесі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.

Бұл дерек бойынша аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция алтын бұйымдар мен ақша ұрланғанын мәлімдеген. Кейін бес күдіктінің ұсталғаны белгілі болды, олардың барлығы – Ресей азаматтары.
Тергеу барысы
2025 жылғы ақпанда Павлодар облыстық Полиция департаменті соттың күдіктілерді қамауға алу жөнінде санкция бергенін хабарлады. Істі тергеу үшін бірлескен тергеу-жедел тобы құрылған.
Ал мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі халықаралық тәртіпке сәйкес, істің материалдары қадағалаушы орган арқылы Ресейдің тергеу органдарына берілгенін мәлімдеді. Іс бойынша шамамен 40 қазақстандық жәбірленуші ретінде танылған. Қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестеріне тергеу барысында көмек көрсетуді жалғастырған.
Дегенмен, істің нақты қай кезеңде екені әзірге белгісіз. Полиция өкілдері тергеу жалғасып жатқанын және жақын уақытта нәтижесі белгілі болуы мүмкін екенін айтады. Жәбірленушілердің басым бөлігі – Павлодар облысының тұрғындары.
Ұрланған қаражат пен бағалы заттардың нақты көлемі әлі жария етілмеген. Кейбір жәбірленушілер келтірілген шығын мөлшерін көпшілікке жариялағысы келмегені де айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *