Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жүргізуші куәлігін ауыстыру: маңызды өзгеріс туралы айтылды

Қазақстанда енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.Қазақстандықтар сәуірден бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады.

"Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды", - делінген хабарламада.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.

"Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі - 60 минут".

Не істеу керек?eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:

порталға кіріп, "Азаматтарға" - "Көлік және коммуникациялар" - "Автомобиль көлігі" бөліміне өту;"Жүргізуші куәлігін алу" қызметін таңдау;дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда "Бұрын төленген" функциясын пайдалануға болады;өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.

eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:

қосымшаға кіріп, "eGov Мемлекеттік қызметтер" - "Жүргізу және көлік" бөліміне өту;"Жүргізуші куәлігін беру" қызметін таңдау;фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, "Сақтау" батырмасын басу;дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, "Жалғастыру" батырмасын басу;мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда "Бұрын төленген" функциясын пайдалануға болады;өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі "Хабарламалар" бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы "Хабарламалар" - "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде көрсетіледі.
Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *