Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Конституция жобасын сынап жүрген қоғам белсендісі Оразалы Ержанов ұсталды

Алматыда жаңа Конституция жобасын қатаң сынап жүрген Оразалы Ержанов ұсталды. Бұл ақпаратты әуелі оның әйеліне сүйенген журналист Гүлжан Ерғалиева хабарлаған. Оның жазуынша, Ержановты түнде ұстап, тінткен. 10 тәулікке қамаған. Бастапқыда қамау себебі айтылмады.
Қоғам белсендісінің ұсталғанын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы да хабарлады.
"Алматыда Оразалы Ержановтың ұсталғаны хабарланды. Қазіргі кезде ол Elge Qaitaru қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі жетекшісі. Ұйым елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға атсалысады. Біраз уақыт Ұлтық банк төрағасының орынбасары болып істеген, қаржы вице-министрі, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, KEGOC вице-президенті, "Наурыз банк" басқармасының төрағасы болды" деп жазылған бюро хабарламасында.
Алматы қалалық полиция департаменті 26 ақпанда түстен кейін Ержановтың ұсталғанын растады.
"Әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар, референдумды бойкоттауға шақырулар және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған өзге де мәліметтер жарияланғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Оның әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға тергеу нәтижесінде, заңсыз жарияланымдардың себептері мен мән-жайлары толық анықталғаннан кейін берілетін болады" деп жазылған полиция хабарламасында.
Ведомство пікір айтуға тыйым салынбағанын, тек жалған ақпаратты қасақана тарату мен фактілерді бұрмалау үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтқан.

Оразалы Ержанов – қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген қоғам белсендісі. Жуырда ол референдумға “ақылды бойкот” жариялау идеясын ұсынған. Ержановтың Facebook-тағы парақшасы кейінгі кезде "тазаланып", қазір соңғы жазба ретінде 8 ақпан күнгі пост болып тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *