Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зейнетақы қаражатымен ипотеканы өтеу: Отбасы банк өтініштерді қайта қабылдауды бастайды

Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану бойынша өтінім қабылдауды қайта бастайды. Бұл ақпаратты банктің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қайта қабылданады.
Еске сала кетейік, қаңтардың аяғында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатын.
Банк мәліметінше, бұл шешім қашықтан қызмет көрсету жүйелерін, мобильді қосымша мен otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетті жаңа талаптарға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты қабылданған. Бұған дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЗТ пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" терминімен ауыстырылған.

"Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатты несие бойынша ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға ғана пайдалануға болады. Бұрын "берешек" ұғымына кіретін ай сайынғы төлемді біржолғы зейнетақы төлемі есебінен толық өтеу мүмкін болмайды. Несие бойынша пайыздар мен ай сайынғы төлем құрамына кіретін өзге де ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс", - деп түсіндірді Отбасы банк.

Осы өзгерістерге байланысты Отбасы банктегі қарызды ішінара және толық өтеу тетігі жаңартылып, соның салдарынан өтінім қабылдау уақытша тоқтатылған.

"Алдағы уақытта бұл операция екі бөліктен тұрады: алдымен несие бойынша сыйақы мен өзге де ілеспе төлемдер қарыз алушының жеке қаражаты есебінен төленеді, содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинағындағы артық қаражат есебінен өтеледі. Ол үшін Отбасы банктегі ағымдағы және арнайы шотта қаражаттың болуын алдын ала қарастыру қажет", - деп хабарлады Отбасы банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *