Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Пәкістан мен Ауғанстан шекаралас аумақта бір-бірін атқылаған соң, Кабулда бірнеше жарылыс болды

Пәкістан мен Ауғанстан шекарадағы тұрақсыз аумақта бір-біріне соққы жасағаннан бірнеше сағат өткенде Кабулда жарылыстар болды. Осылайша кейінгі күндері ушыға түскен шиеленіс шарықтап, екі жақ та қарсы тараптың ондаған жауынгерін жойғанын мәлімдеді.

Азаттықтың Машаал радиосы жергілікті дереккөздеріне сілтеп, 27 ақпанға қараған түні Ауғанстан астанасының төрт жерінде, сондай-ақ Қандағар қаласындағы әскери базада жарылыс болғанын хабарлады.

Кабулдағы жарылыстар кезінде әскери ұшақ дыбысы естілгені айтылды.

Ауғанстандағы "Талибан" басқаратын өкіметтің баспасөз хатшысы Забиулла Мужахид "Кабул, Қандағар және Пактиядағы кей аудандарға" соққы жасалғанын растады. Ол кісі өлімі жөнінде ақпарат жоқ деді.

Пәкістан әскері Кабулды ұшақпен бомбалағанын растады. Ел үкіметінің баспасөз хатшысы Мошарраф Зайди әлеуметтік желідегі жазбасында "Ауғанстан аумағындағы нысандарға қарсы жауап соққылары жалғасып жатыр" деп мәлімдеді.

Кабулға жасалған соққылар Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі мен Исламабад арасындағы қақтығыстың күрт ушығуы аясында болды.

Талибан өкіметі мен Исламабад арасы бұған дейін де ушығып тұрған.

Содан санаулы сағат бұрын-ақ Мужахид мәлімдеме жасап, Кабулдың "Дюранд сызығы бойындағы пәкістандық әскери орталықтар мен нысандарға қарсы ауқымды шабуыл" бастағанын айтқан еді. Дюранд сызығы — пуштун және белудж тайпаларының дәстүрлі қоныстарын бөліп тұрған тұрақсыз шекара.

Талибан қорғаныс министрлігі Пәкістанның 55 қауіпсіздік қызметкер өлтірілгенін, осы елдің шекара бойындағы екі базасы мен 19 бекетін басып алғанын мәлімдеді.

Исламабад қарымта шабуыл жасағанын айтты. Заиди 133 тәліптің өлгені расталды, одан өзге 200-ден астам адам жараланды деді.

"Кабул, Пактия және Қандағардағы әскери нысандарда қаза тапқандар одан да көп" деді ол.

Қос тараптың сөздерін тәуелсіз жолмен тексеру мүмкін емес. Десе де, Кабул тұрғыны Азаттық радиосына қалада "үлкен жарылыс" болғанын айтты.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф қарулы күштер "елдің қауіпсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға" дайын деді.

"Пәкістан әскері елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін ешқандай жағдайда бұзуға жол бермеуге бекініп отыр" деп жазды ол X платформасында.

Шабуылдардың кейінгі толқыны төрт күн бұрын Пәкістан әуе күштері Ауғанстанның Нангархар мен Пактика провинцияларына соққы жасап, кемі 18 адам қаза тапқан соң басталған.

Пәкістан ол кезде Ауғанстан аумағындағы жеті әскери нысанға "кек қайтару мақсатында" соққы жасағанын, бұл әрекет ауған жанкештісі жасаған терактіге жауап болғанын мәлімдеген. Исламабад бұл шабуылда 80 жауынгер мерт болғанын айтты.

Талибан басқаратын ауған қауіпсіздік қызметі бұл мәлімдемені "жалған" деп атап, "тиісті жауап қайтару" қамданып жатырмыз деді.

Ауғанстан пәкістандық Талибанға пана ұсынып отыр деген айыптың орынсыз екенін мәлімдеп отыр. Пәкістандық тәліптер ауғанстандық Талибаннан тараған, бірақ тәуелсіз әрекет етеді.

2025 жылғы қазанда Пәкістан Кабулға әуе соққыларын жасағаннан кейін және Ауғанстан аумағына қосымша шабуылдар ұйымдастырған соң, екі ел арасындағы шиеленіс күшейе түсті.

Артиллериялық шабуылдар кезінде қос тараптан ондаған сарбаз қаза тапқан. Кейін Катар араағайындығымен бітім келісімі жасалды.

Алайда Катар мен Түркия араағайындығымен өткен келіссөздер шекаралық даудың ұзақмерзімді шешіміне әкелмеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *