Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор — Айбек Дәдебай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай айтты.

— Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумға жалпы дайындық жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр деуге болады. Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор. Сондықтан барлық құқықтық рәсімінің сақталуы, заң талаптарының қатаң орындалуы өте өзекті болып тұр. Бұл ретте Орталық референдум комиссиясының атқарар рөлі ерекше болмақ. Ал мемлекеттік органдардың басты міндеті – дауыс беру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдайды жасау, — деді Айбек Дәдебай.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мәтінімен жұмысқа баса мән берді.

— Ол үшін арнайы уақыт бөліп, барынша белсенді атсалысты. Азаматтардан, сарапшылық қауымдастықтан, қоғамдық ұйымдардан келіп түскен сындарлы ұсыныстарды жеке өзі оқып, жіті зерделеді. Одан соң кеңесшілермен, сарапшылармен бірге негізгі заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын жазумен, оны өңдеумен тыңғылықты түрде айналысты. Жалпы Президент соңғы жарты жыл ішінде аптасына кемінде бір рет, кейде одан да жиі түрде әуелі Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен, жектекшілерімен, одан кейін Конституциялық комиссияның жетекшілерімен кездесіп отырды. Бұл кездесулер кейде бір сағаттан астам уақытқа созылатын. Осыдан-ақ біз жұмыстың қандай қарқынмен жүргенін аңғара аламыз, — деді ол.

Айбек Дәдебай Президент тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Конституция мәтінінің жобасын әзірлеуге өте ерекше мән бергенін көпшілік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп отырғанын айтады.

— Тіпті түнгі уақытта да Мемлекет басшымыз осы мәтінмен жеке өзі жұмыс істегенін Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері жақсы біледі. Жалпы жаңа Конституция жобасының мәтінінде Мемлекет басшысының саяси бағдарының басты қағидаттары, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасы, сондай-ақ ұстанымдары кеңінен көрініс тапқан. Сол себепті, Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз, — деді  ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

Осыған дейін  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Ата заңды «халықтық Конституция» деп айтуға толық негіз бар екенін айтқан болатын.

 

Сообщение Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор — Айбек Дәдебай появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *