Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан армиясы туралы Threads-тағы даулы жазба авторы жазалануы мүмкін

Threads әлеуметтік желісінде армияда өзіне сексуалдық зорлық жасалғаны туралы жазған автордың жеке басы анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпанда Threads-те анонимді хабарлама жарияланып, оның авторы командир тарапынан сексуалдық зорлық көргенін мәлімдеген. Жазба желіде тез тарап, мыңдаған қаралым мен пікір жинап, қолданушылар арасында қызу талқылау тудырды.
Кейін жазба авторы өз парақшасында қаражат жинайтынын хабарлады. Ол ақшаның "қауіпсіздік мақсатында" шетелге көшуге және баспана жалдауға қажет екенін айтқан. Пайдаланушы түскен қаражат туралы есеп жариялап отырған. Соңғы жазбаларының бірінде 329 230 теңге жиналғанын мәлімдеген.
Tengrinews.kz редакциясы Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдады.
Ведомство мәліметінше, тексеру барысында жазба авторының жеке басы анықталып, ол келтірген мәліметтер расталмаған.

"Құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізді. Жағдайдың мән-жайын анықтау барысында өтініш авторының жеке басы белгілі болды, сондай-ақ оның мәлімдеген деректерінің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Аталған оқиға шындыққа жанаспайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызметтің беделін түсіру мақсатында әдейі таратылған", - делінген Қорғаныс министрлігі жауабында.

Министрлік материалдардың процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданғанын қосты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты жарияламауға және таратпауға, ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *