Жастар саясатқа сенеді ме?
Саясат – қоғамды басқаруға, мемлекет ішіндегі және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған жүйе. Ол билікке қатысты шешімдер қабылдау, заң шығару, елдің дамуын жоспарлау сияқты маңызды үдерістерді қамтиды. Бұл жүйеде мемлекеттің басты тірегі – халық. Еліміз демократиялық мемлекет болғандықтан, билік халықтың еркімен қалыптасады.
Соған қарамастан бүгінде ел болашағына бейжай қарамайды деген жастардың өзі саясаттан бойын аулақ ұстайтыны байқалады. Соңғы статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мәселен, 18–24 жас аралығындағы жастардың шамамен 28 пайызы саяси жүйеге сенбейді. 25–29 жас аралығында бұл көрсеткіш 33 пайызды құрайды. Ал 30–35 жас аралығындағы азаматтардың 44 пайызы саясатқа сенімсіздік білдіреді. Бұл саясатқа деген сенімнің әлсірегенін аңғартады. Неліктен...