Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үкімет сиыр етінің экспорты мен жұмыртқа импортына қатысты шешім қабылдады

Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картоп экспортына тыйым салынбайды

Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды.

Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі

Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алды. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді.

Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ бұқашықтарын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынады

Алты айға дейін тауық жұмыртқасын, соның ішінде ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4 пайыз, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98 пайызды құрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *